Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылордада 4 баласы бар отбасы далада қалды

AstanaTV
14.12.2018ж. 20:00
4243
Қызылордада 4 баласы бар отбасы далада қалды

Қызылордада пәтер дауы. Баспананы бірнеше жыл бұрын сатып алдық деген 4 балалы отбасы құжаттарының жоқтығынан далада қалып отыр. Ал, құжат бойынша үй иесі олар туысы болғандықтан пәтерде уақытша тұрды дейді. Туысқандар арасындағы баспана дауын қалай шешуге болады? Шарипа Сақтапова заңгерлер кеңесін білді.   

Жанардың айтуынша, 2011 жылы туысының 2 бөлмелі пәтерін сатып алуға уағдаласқан. Ол үшін кезінде 500 мың теңге төлепті. Тіпті отбасымен сол пәтерге тіркеуге де тұрған. Тек құжатттарын рәсімдеуге асықпапты. «Туысымның құжаттарды сосын беремін» деген сөзіне сендім»-дейді ол. Былтыр 5 қабатты бұл ғимарат ресми түрде «апатты» деп танылып, тұрғындарға биыл наурызда жаңа пәтер беріле бастаған.    

Жанар ЖАҚЫПОВА: 

Мартта үй сносқа кеткен кезде акимат қолыма берген қағазды ол маған айтады: «Жанар, мен өзімнің атыма оформлять етуім керек деп. Ал, мен сосын сенің атыңа аударып беремін новый үйді»-дейді. Мен соған Құдайдай сеніп, балаша қуанып, сөйтіп апарып бердім де ол сарт еткізіп өзінің атына бәрін істеп алады. Мен алданып қалып тұрмын, мен сеніп қалып тұрмын ол кісіге. Өйткені, ол менің маманың туған ағасының қызы. Туысқан болғасын мен сендім ғой.

Қазір тас-талқаны шыққан бұл нысан 1960 жылдары жатақхана ретінде салыныпты. 130 отбасыға арналған. Кейін әркім өз атына аударып иелік еткен. Пәтердің құжат бойынша иесі бізге телефон арқылы үйін ешкімге сатпағанын айтты.  

Гүлбақыт СМАҚОВА: 

Мен сатқан жоқпын ешқандай пәтер. Жанар Жакуповаға өзімнің туысқан сінілім болғандықтан, кезінде басқа квартираға шығып кеткен кезімде жұмысыма байланысты жақын, мен ол қызды уақытша отырғызып кеткенмін бала-шағасымен отыра бер деп. 10-11 жыл көлемінде отырды сол үйде. Общежитие апатқа ұшыраған кезде үй берілді.

Ал, құдайы көршілері Жанардың бала-шағасымен далада қалғанына алаңдайды.   

Гүлмира СПАНОВА:  

Біз өйткені бастан аяқ білеміз бұл жақта бұлардың қалай болғанын, не болғанын. Бұл деген Құдайдан сұраған келіншек. Күйеуі де момын. Гүлбақыттың кім екенін білеміз, базарда сауда істейді, ақшасы көп, тамы басында жетеді, үйлері бар, машиналары бар. Бәрін тартып алып отыр ғой мынадан. Ақшасы жоқ, қарапайым, қиналып, жылап отыр мынау қыз. Обалына қалып отыр, міне. Обал емес па, балаларының бәрі кішкентай, әр жерде жүр.

Заңгерлер Жанарға құзырлы орындарға арыздануға кеңес береді. Олар бұл мәселені шешудің екі жолын ұсынып отыр. «Бітім» медиация орталығының мамандары үйсіз қалған отбасыға көмектесуге де әзір. 

Ләззат БАҚТЫБАЕВА, «БІТІМ» МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Үй екінші азаматшаға сатылған болса, ол егерде рәсімделмеген, дегенімен арада куәләр болып жатса, оны растай алатын, мен есептеймін, ол Заң тарапынан да, былайынша, адамгершілік тарапынан да, үйді екінші, сол сатып алған азаматшаға аударып бергені дұрыс болады. Қолымыздағы бар фактілерге сүйіне отырсақ, меніңше, екі арадағы дауды медиация тәртібімен шешкен екі жаққа да тиімді болады. Сатқан азамат ондай способқа көнбесе, онда тек жолы құзырлы органдарға арыз жазу болып табылады.

Баспанадан қағылған Жанар әркімнің пәтерін жалдап жүргендеріне 9 ай болған. Азын-аулақ табысы бар отбасы соңғы екі айдың пәтерақысын да төлей алмапты.   

Ш. Сақтапова