Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде қарамағындағы қызметкерге қол көтерген шенеунік қызметтен қуылды

AstanaTV
14.12.2018ж. 20:00
2939
Ақтөбеде қарамағындағы қызметкерге қол көтерген шенеунік қызметтен қуылды

Ақтөбеде өз қарамағындағы қызметкерге қол жұмсаған басшы қызметінен қуылмақ. Ауылшаруашылығы министрлігінің Ақтөбе облыстық инспекция басшысының орынбасары Ерлан Орынбаевқа қатысты шулы іс тәртіптік кеңесте қаралды. Мемлекеттік мекеменің кадр бөлімінің қызметкері Гүлмира Жидебаева оның кабинетке кіргізіп алып айқайлап, қол көтергенін мәлімдеген. Оның айтуынша, сантехникті бастыққа жамандадың деп шүйліккен шенеунік келіншекті жарға соғып, «Ауызынды жап, өлтіремін» деп қорқытқан да көрінеді. Осыдан кейін денсаулығы сыр берген қызметкер барлық мемлекеттік орындарға арызданған. Сот-медициналық сараптама кезінде жәбірленушінің басы мен иығының соққыдан қанталағаны анықталған. Қазір шатақ шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, ол өзіне артылған кінәні мойындамайды.  

Ерлан ОРЫНБАЕВ, ҚР АШМ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Өлтіремін деген сөз болған жоқ. Мен оны ұру немесе ар-намысына тиетін сөз айтқан емеспін. Қаншама жыл жұмыс істеп келе жатырмын. Қазметкерлерге, ешкімге қысымшылық көрсеткен емеспін.

-Қолынан ұстап қалғаныныз рас қой?

-Рас, мен оның қорғану мақсатында қолынан ұстадым.

Бірақ, Әдеп кеңесі шендіні жиырма бес адамнан тұратын ұжымды басқара алмайды және қызметкермен алауыздықтың туғандығына кінәлі деп танылды.  

Расул МЕДЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТӘРТІПТІК КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ: 

ҚР Мемлекеттік Әдеп жөніндегі кодекстің бесінші тармағы 5-ші және 14 тармақтарын бұзғаны үшін. АШМ-Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық инспекция басшысының орынбасары Ерлан Құлтайұлы Орынбаев атқаратын қызметінен шығару туралы жаза ұсынылады.

Б. Рахметова