Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстан ЕАЭО аясында ортақ валюта енгізуді қолдамайды

Қазақстан ЕАЭО аясында ортақ валюта енгізуді қолдамайды

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта енгізуді қолдамайды. Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Дегенмен, министр Ресейдің төлем жүйесі одағының ортақ валюта енгізу туралы ұсынысы ресми емес екенін айтты. Бұған дейін көрші ел санкциялар салқыны тимес үшін өзара есеп айырысуды электронды ақшамен жүргізуді сөз еткен болатын.  

Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: 

Бұған дейін өз ұстанымымызды бірнеше рет айтқан болатынбыз. Бұл менің де саяси және мемлекеттік адам ретінде жеке ұстанымым. Менің ойымша, ұлттық валюта-әнұран, ту мен елтаңба секілді біздің дербес ел ретіндегі символымыз. Сондықтан, біз оны мейлінше қорғап, дамытып, сақтатутымыз керек. Өзгесіне жол бермеуіміз қажет.

Биыл Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақ саудасынан түскен пайда 300 миллиард теңгеден асқан. Бұл-7,55 пайыздық кедендік әкелу бажы. Министрдің айтуынша, 5 елге түсетін табысты есептеу әдісі жыл аяғында өзгермек. Енді одақ елдерінің тауарлары бірыңғай таңбаланатын болады. Темекі өнімдерінің акциздері жойылып, таңбалаудың пилотаттық жобасы енгізілмек. Ол шамамен 3 теңге. Дегенмен, кейбір депутаттар бұл кәсіпкерлерге шығын әкеледі, өнім бағасы қымбаттайды деп отыр. Ал, министр бұл жұрт тұтынатын өнімнің заңды және қауіпсіз екенін көрсетеді әрі арамза кәсіпкерлердің қаражаттарын көлеңкеден шығаратынын айтты. Сондықтан, сәуірден бастап дәрі-дәрмектерге де штрих-код енгізу жоспарланған. Мәжіліс спикері бұдан баға қымбаттамауы керек,-деді.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бүгінде барлық дамыған елдер дәрілік заттарын таңбалайды. Біз де осы ағымнан тыс қалмауымыз керек. Халық дәріханалар мен ауруханаларда жоғары сапалы дәрілер қолданатынына толық сенімді болу қажет. Сонымен бірге, біздің дәрілік заттарды өндірушілер, дәріханалар мен ауруханаларға қажетті жабдықты сатып алу үшін мемлекеттік қолдау көрсету мәселелерін мұқият зерделеуі өте маңызды деп санаймын. Таңбалауды енгізу дәрі-дәрмек бағасының артуына әсерін тигізбеуі керек. Бұл тұрғындар үшін өте маңызды мәселе.

Г. Меңдеева