Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

40-тан астам кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін

AstanaTV
19.12.2018ж. 20:00
2642
40-тан астам кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін

Бұдан былай әскерилерге киім-кешекті тек жеке-дара компаниялар ғана тігуі мүмкін. Ал, бірнеше кәсіпорыннан құрылған консорциумдар мемлекеттік тапсырысқа қатысудан шеттетіледі. Қазір талқыланып жатқан заң жобасы осындай нормаларды қарастырады. Алайда, бұған заңды тұлғалар бірлестігі қарсылық танытып отыр. Өйткені, шикізат қайдан келетіні назардан тыс қалады, дейді. Салдарынан әскерилердің формасы сапасыз матадан тігілуі мүмкін. Ал, консорциумға мүше 56 отандық шикізат өндіруші кәсіпорын жабылып қалуы ықтимал. 

Дана ЖҰМАБАЕВА, «KAZPLAST» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: 

56 компания бізге қазір бірігіп отыр. Мен сол бірінші күннен бастап кірген «Казпласт» компаниясынан. Қазір осы консорциумда 6500 адам жұмыс жасайды. Егер, осы консорциумның жұмысы болмайды, әрқайсысы жеке-жеке болатын болса, бұл жұмыстың көпшілігі тоқтайды.

Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі әзірлеген заң жобасын Мәжіліс депутаттары мақұлдап қойған. Кәсіпкерлердің ендігі бар үміті-сенаторларда. Айтуларынша, Мемлекеттік қорғаныс тапсырысына консорциумдардың қатысуын қалдыру арқылы ел экономикасын да, халықтың әлеуметтік жағдайын да жақсартуға болады. «Отандық жеңіл өнеркәсіпті өркендетудің ең тиімді жолы да осы»-деп есептейді олар. Айта кетейік, бұл консорциумдар екі жылдан бері мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындап келеді. Бірлестікке мүше кәсіпорындар осы күнге дейін жеңіл өнеркәсіпке 5,4 млрд теңге инвестиция құйыпты.  

Мұрат МЫҢБАЕВ, КОНСОРЦИУМ ЖЕТЕКШІСІ: 

Үкімет 36 млрд теңгені БҒМ арқылы беріп жатыр. Не үшін? Консорциум құрыңдар деп жатыр. Тек қана сөзбен емес, ақшалай кәдімгідей, қомақты ақшалай қолдап жатса, екінші жағынан осы консорциумдар құрылып өз құқықымызды ақтап тендерге қатысайық десек, неге консорциумдар гособоронзаказға қатысуға құқығы жоқ?!

Д. Қайыртай