$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қызылордада мыңға жуық жұмыссыз жаңа мамандықты игеруді қолға алған

AstanaTV
19.12.2018ж. 20:00
2223
Қызылордада мыңға жуық жұмыссыз жаңа мамандықты игеруді қолға алған

Қырғызстаннан келген оралман Қарлығаш Ілясова сүйікті ісін табыс көзіне айналдырғандардың бірі. Ол Қызылордада қыз-келіншектерді ата кәсіпке баулып жүр. Қолөнерші аймақта жұмыссыздарды қайта даярлайтын орталықпен келісімге келген. Қазір жергілікті тұрғындарға Президент қызықққан «қызыл шапанды» қалай тігу керегін үйретіп жүр.  

Қарлығаш 2007 жылы Ата қонысқа көшіп келген. Сол жылы мемлекет тарапынан қолдау ретінде 400 мың тенге қаражат алыпты. Оған көне машина мен керек-жарақтарын алып, ұлттық киімдер тігуге кірісіп кеткен. Көп ұзамай балаларға дәріс беру тіралы кәсіби лицейден ұсыныс та түсіпті.  

Қарлығаш ІЛЯСОВА, «ҚАРЛЫҒАШ» ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

ЭКСПО-ға да қатыстым. Елбасы өзі көрді. Мен өзім оны ойлаған жоқпын. Бархаттан жасалған бордовый үлкен апаларға жасалған бишпентім бар-тұғын. Қолымен ұстап тұрып: «Мынау керемет нәрсе, осыны дамытуымыз керек» деген сөз мен үшін үлкен құрмет болды.

Өткен жылы Қарлығаш Қазақстан қолөнершілер Одағының облыстағы өкілдігін ашты. Зергерлік және қыштан жасалған бұйымдар, кілем, кәдесыйлар мен ұлттық нақыштағы киімдерді де осы жерден таба аласыз. Ол негізінен барқыттан тігеді. Бір бешпетті 50 мың теңгеге түсетінін айтады. Одан арзанға сату мүмкін емес деп отыр.  

Қарлығаш ІЛЯСОВА, «ҚАРЛЫҒАШ» ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Бізде мата шықпайды ғой. Ал, шикізатымызды өзіміздің, шындығына келген кезде, теріміз болсын, жүніміз болсын, барлығын сыртқа жіберіп жатырмыз да, олар бізге өңдіріп, өзіміз алып жатырмыз. Ал, еңді осыларды өзіміз өңдіргенге жағдайға жеттік деп ойлаймын. Шамалы осыған көніл болса деп ойлаймын. Еңді мата шығару бізде жоқ. Бізде қазір тек хб ғой шығарылып жатқаны, постель.

Жалпы «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама аясында облыста жиырма оқу орталығы жұмыс жасайды. Былтыр жаңа мамандық иелерінің тоғыз жүзден астамы жұмыспен қамтылыпты. Биыл тағы мыңға жуық жұмыссыз қызылордалық жолдама алған.  

Жанна СҚАҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: 

Олардын ішінде әртүрлі мамандықты оқыған кісілер бар. Осы қысқа мерзімдік кәсіптік оқу бағдарлама аясында жұмыссыз азаматтар үшін тегін. Оқу мерзімдері бір айдан алты айға дейін. Және де осы оқу мерзімінде олар шәкіртақы алады және де алыс ауылдардан келіп оқып жүрген кісілер болса, олар өздерінің жол пұлымен осы жақта өтемақысының алып отырады

Орталықтарда жұмыссыздар өзі қалаған мамандықты оқып, үйрене алады. Аспазшы, дәнекерлеуші, тігінші ғана емес, сонымен бірге, есепші мамандығын толық игеріп шығуға мүмкіндік бар.  

Ш.Сақтапова