Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

2019 жылы Д.Тен атындағы академия ашылады

AstanaTV
20.12.2018ж. 20:00
2206
2019 жылы Д.Тен атындағы академия ашылады

Бұйырса, келесі жылы Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады. Бұл туралы Олимпиада жүлдегерінің анасы Оксана Тен айтты. Спортшы кезінде оны «Global Skating academy» деп атауды армандаған. Игі бастаманы Денис Тен атындағы қоғамдық қор іске асырмақ. Бұдан бөлек, алдағы уақытта оның ән жинағы, фильмі, өлеңдері мен әңгімелері жарық көреді. Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов фильмнің АҚШ-та түсірілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Денистің мұздағы шоуы жыл сайын ұйымдастырылмақ.  

Оксана ТЕН, ДЕНИС ТЕННІҢ АНАСЫ:  

Денис өте жан-жақты тұлға болды. Ол музыкаға да, әдебиетке де, кәсіби фотосурет түсіруге де, мәнерлеп сырғанауға да ерекше ықылас танытты. Сондықтан, оның артында қалған туындылар көп. Біз оларды халыққа таныстырып, Денистің арманын жүзеге асыруымыз қажет. Қоғамдық қор бұл бағыттағы жұмысты бастап кетті.

А. Бектас