Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Бүгінгі жемқорлардың келбеті өзгерген

AstanaTV
20.12.2018ж. 20:00
2075
Бүгінгі жемқорлардың келбеті өзгерген

Бүгінгі жемқорлардың келбеті өзгерген. Олар делдалдар мен жеткізушілер кейпінде. Бюджет қаражатына іске асатын жобалар бойынша жалған сметалық құжат арқылы ақша жасайды. Әсіресе, Жамбыл,Түркістан облыстарында жең ұшынан жалғасқан жемқорлық азаймай тұр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы кеңес отырысында айтылды. Нәтиже көрсеткендей ақша жымқыру деректері көбінесе құрылыс, жол жөндеу, ауыл шаруашылығы секілді салаларда басым. Бюджеттен ашық түрде ақша ұрлау мүмкін болмаған соң, олар сметалық құжатта жалған баға көрсетуге көшкен.  

Наталья ГОДУНОВА, ҚР ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:  

Мысалы, Сайрам ауданы Манкент ауылындағы 600 оқушыға арналған мектеп 500 млн теңгеге салынса, сол ауданға қарасты Қозықұлақ ауылында дәл сондай мектеп 1,5 млрд теңгеге тұрғызылуда. Бұл біз білетін мысалдардың бірен-сараны ғана.

У. Қабылтайұлы