Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

АҚШ сенаторлары америка әскерін Сириядан шығармау керек деген пікірде

AstanaTV
20.12.2018ж. 20:00
3389
АҚШ сенаторлары америка әскерін Сириядан шығармау керек деген пікірде

Сенаторлар Сириядан АҚШ әскерін шығаруға қарсы. Бір топ сенатор Дональд Трампқа өтініш білдіріп, америка әскерін Сириядан шығару туралы шешімді болдырмауды сұрады. «Олар ДАИШ содырларының күшейіп кетуінен қауіптенеді»- деп жазады «Рейтерс». Және Сирияға террористермен қатар Башар Асадтың қатал диктатурасы да қауіп төндіреді. Сонымен қатар, америка әскерін шығарған жағдайда Иран мен Ресей күшейіп алады деген ойда. Еске салайық, кеше АҚШ Президенті Дональд Трамп Сириядан америка әскерін шығару туралы өкім берген еді. Ол қысқа мерзімде орындалуы тиіс. Трамп ДАИШ ұйымын күйрету үшін әскер кіргізгенін және көздеген межеге жеткенін мәлімдеді.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Біз Сириядағы күресті ұзақ уақыт жүргіздік. Менің ел басқарғаныма екі жылдай болды. Біз расында ДАИШ-ты жеңдік. Біз оларды әлсіреттік. Сондықтан, бізідң әскердің үйіне қайтатын уақыты жетті. Оралатын уақыт туды. Ел үшін жанын қиған сарбаздардың ата-анасына, туғандарына хат жазып хабарласуға мәжбүр болғанда әрдайым көңілім құлазиды.Өкінішті болса да, біз оларды ардақ тұтамыз.

Ал, «Bloomberg» америка әскерінің Сириядан шығарылуын АҚШ саяси бағытының күрт өзгергенін аңғартады деп санайды. Бұған дейін АҚШ-тың қолдауымен ДАИШ-қа қарсы күрес жүргізген күрд құрылымдары енді түрік әскерлерімен жекпе-жек қалып отыр. Күрдтердің күшейіп кетуінен сескенетін түріктер, көптен бері олардың көзін жоюды көздеп келеді.  

З. Санай