Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қолдан жасалған шыршаның сапасы тексерілмейді

AstanaTV
21.12.2018ж. 20:00
3209
Қолдан жасалған шыршаның сапасы тексерілмейді

Сондай-ақ, санитарлар елімізде осы уақытқа дейін жасанды шыршалардың сапасын ешкім тексеріп көрмегенін айтты. Жаңа жылда ғана қолданылатын бұл тауар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың тізімінде мүлде болмаған. Олар синтетикалық материалдардан жасалған шыршаны тек дүкендерден ғана сатып алуға кеңес береді. Өйткені, жабық ғимаратта тұрған тауарда жағымсыз иіс болса, оны сезбеу мүмкін емес. Ал, базардан сатып алынған тауардан мұндай ақауды бірден таппайсыз. Екі- үш апта бойы үйде тұратын сапасыз шырша осы мерзім ішінде ауаға улы зат бөліп, отбасы мүшелерінің денсаулығына қауіп туғызуы мүмкін. 

Қарлығаш ӘБДІШЕВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Шыршаларға қатысты ешқандай тескерулер жүргізілмейді. Өйткені, шырша қарастыру бойынша ешқандай техникалық регламенттер ережелер жоқ. Егер, ол заңды түрде қолданысқа енсе,шырша туралы бақылау, онда біз шыршаны тескерміз.

-Ондай ұсыныс бердіңіздер ме?

-Шыршаға қатысты ұсыныстар биыл берілді басшылықпен жоғары органдарға. Сондықтан, келесі жылдан бастап шыршаларды және жаңа жылдық атрибуттарды тексеру мүмкін болуы.

Г. Тасболатқызы