Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада биыл жолақы төлемеген жолаушыларға 30 млн теңге айыппұл салынды

AstanaTV
21.12.2018ж. 20:00
3711
Астанада биыл жолақы төлемеген жолаушыларға 30 млн теңге айыппұл салынды

Астанада жол ақасын төлемеген 7 мың жолаушыға 30 млн теңге айыппұл салынды. Жалпы қалада күніне тегін жүріп-тұрғысы келетін 80 мың жолаушы тасымалдаушы компанияға 8 млн теңге шығын келтіріп отырған көрінеді. Бұл туралы «Астана LRT» хабарлайды. Десе де, карточка жүйесі енгізілгелі кіріс 30 пайызға өскен. Оған қоса, жүргізушілер жалақысы 400 мыңға жоғарылады. Бірақ, мекемеде қазір 900-ге жуық автобус жүргізушісі жетіспейді. Ал, үміткерлер емтиханнан жиі сүрінетін көрінеді.  

Саят ШАЙМЕРДЕНОВ, «АСТАНА LRT» ЖШС ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ: 

Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметі қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтарғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартып келе жатыр. Салынған айыппұл сомасы қазір шамамен 30 млн теңгені құрайды. Ал, жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданады.

Ал, жеңіл рельсті трамвайға билет құны 200 теңге болады. Жолаушылар билет алу үшін автобус карталарын пайдаланады. Аспалы көлік бас шаһарда 2020 жылы жүре бастайды. Жол ақысын субсидиялау мәселесі келесі жылы қалалық мәслихатпен бірлесіп шешіледі. Ауқымды жоба құнын компания өкілдері әзірге айтпай отыр.  

Бекмырза ИГЕНБЕРДИЕВ, «АСТАНА LRT» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:  

2019 жылдың соңына қарай Қытай компаниясы құрылысын аяқтаймыз деп уәде берді. Ал, 2020 жылы жолаушылар бұл көлікпен жол жүретін болады.

Д. Сапарқызы