$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандықтардың банктерге несие қарызы 6 триллион теңгеден асты

AstanaTV
21.12.2018ж. 20:00
1998
Қазақстандықтардың банктерге несие қарызы 6 триллион теңгеден асты

Қазақстандықтардың банктерге жалпы несие қарызы 6 триллион теңгеден асып кеткен. Яғни, әрбір тұрғынның мойнында орташа есеппен бір миллион теңге берешек бар деген сөз. Бұл туралы «Ranking.kz» сайты хабарлайды. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 15 пайызға артыпты. Қарыздың 53,1 пайызы еш кепілсіз тауарларға алынған тұтыншуы кредиттері десек, қалғаны ипотекалық несиелер. Жұрт 6 триллион теңгенің 91,4 пайызын банктерден, қалғанын микроқаржылық мекемелер мен онлайн несие ұйымдарынан алған екен.  

Г. Тасболатқызы