$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ел экономикасына Үкімет басшысы тікелей жауапты болады

AstanaTV
09.03.2017ж. 20:00
2948
Ел экономикасына Үкімет басшысы тікелей жауапты болады

Енді елдің экономикалық саясатына Үкімет басшысы тікелей жауапты. Конституцияда 44 -баптағы өзгеріс мемлекеттік бағдарламалар құруды, бюджеттен қаржыланатын барлық органдар мен ондағы қызметкерлерге еңбекақы төлеуді бекіту өкілеттілігін Президенттен Үкіметке беруді көздейді. Әрине, Үкімет мұны Президентпен келісіп шешеді. Десе де, осы орайда Президент енді Үкімет шешімінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы емес. Демек, Үкімет өз әрекетіне өзі жауапты.

Серік Ақылбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


Осындай өкілеттіліктер беріліп отырған соң, олар өздері бағдарлама жасайды, өздері соған жауап береді. Мынау қаржы мәселесі, мемлекеттік бюджеттен төленетін нәрсені реттейтін Үкімет басшысы болады. Ал Үкімет Парламенттің алдында жауап береді.

Оған қоса, Парламент Үкімет мүшелерін қызметтен босату туралы Президентке өтіншін білдіре алады. Мұндай жағдайда Президент Үкімет мүшесін қызметтен босатады. Ал қайта сайланған Парламент алдына Үкімет өз өкілеттілігін тоқтатып, қайта жасақталуы тиіс. Бұл бұған дейін Президент сайлауынан кейін болатын үрдіс еді.

Айта кетейік, 6 наурызда Мемлекет басшысына қол қоюға жолданған реформаның Ата заңға қайшы еместігін бүгін Конституциялық кеңес те мәлімдеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ