$474.72 €515.17 ₽5.58
×

2018 жылдан бастап Қазақстанда қосымша 3 ақылы тас жол пайда болмақ

AstanaTV
09.03.2017ж. 20:00
2466
2018 жылдан бастап Қазақстанда қосымша 3 ақылы тас жол пайда болмақ

2018 жылдан бастап Қазақстанда қосымша 3 ақылы тас жол пайда болмақ. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінде өткен арнайы брифингте белгілі болды. Астана -Теміртау, Қорғас - Алматы, Алматы - Қапшағай бағытындағы жүрудің төлемі Астана- Щучинск тас жолындағы тарифпен бірдей. Яғни 1 шақырымға 1 теңге болмақ. Бұл сома алдымен жолдардың сапасын арттыруға жұмсалмақ.

Серік Бәшімов, ҚР индустриялар және даму министрлігі департамент директорының орынбасары:

Бірінші аталған жолдарды ұстап тұру тиімді болмақ. Бюджетке салмақ түспейді. Екіншіден, транзиттің арқасында қаражат жинауға мүмкіндік бар. Бұл бюджетке қосымша түсім. Мұның артықшылығы анық. 200 шақырым үшін 200 теңге аз ақша болып көрінгенімен, бір ғана Астана - Щучинск ақылы тас жолынан жылына 1,5 млрд теңге пайда түседі. Бұл қаражат жолдарды қалыпты жағдайда ұстауға жұмсалады.