Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Эйр Астана» Ресей аймағы арқылы Моңғолияға ұшатын болды

AstanaTV
09.03.2017ж. 20:00
3070
«Эйр Астана» Ресей аймағы арқылы Моңғолияға ұшатын болды

Астана Мәскеуге қарасты Жуковский әуежайын аймақтық деп таныды. Осылайша Мәскеуден Астана мен Алматыға  тағы да қосымша ұшақтар қатынайтын болады. Бұл туралы Ресей көлік министрлігіне сілтеме жасап, "Коммерсант" басылымы жазды. "Өйтпегенде, Ресей әуе билігі Air Astana-ға Транссібір бағыты арқылы Моңғолияға жеңілдікпен ұшуға келісімін бермес еді" делінген мақалада.  Сонымен қатар, екі тарап  әр жақтан екі тасымалдаушы компаниядан бекітуге келіскен. «Эйр Астана» компаниясының  сыртқы рейстері реттеліп жатқанымен, ішкі рейстерде ұшақтардың сапасы сыр берді.

Айгүл Ермахан, тілші:

Шетелің бар, елдегі көрші өңірлерге әп-сәтте апаратын отандық ұшақтардың жағдайы соңғы бірер күнде мәз болмай тұр. Себепсіз кешігулерді тізбегенде, техникалық ақаудың жиі болуы жолаушыларды алаңдатқаны рас. Күні кеше «Эйр Астананың» Алматы мен Атырауға  бағытына ұшқан КС 877 әуе кемесінің навигациялық жабдығы істен шығып, әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды.

Тілек Әбдірахманов, «Эйр Астана» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

Алматы-Атырау бағытына қатынайтын ұшақ техникалық ақаудың орын алуына байланысты қайта қонды. Навигациялық жабдық істен шыққан. Жолаушылар басқа ұшаққа отырғызылып, сағат 11:53-те қайта ұшты. Дәл сол күні ұшақтың техникалық жүйесі толық тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тек бұл ғана емес, бұған дейінгі де жағдай мәз емес. Алдында "Астана -Алматы" бағытындағы Боинг 757 ұшағының қозғалтқышы да  істен шықты.  Сол кезде «Эйр Астана» компаниясының өкілі ұшқыш ұшақтың бір двигателін техникалық себептерге байланысты сөндірді деген болатын. Әйтеуір сәтін салып, бортта 69 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі дін аман жерге қонды. 5 наурызда да  мегаполистен Оралға ұшып шыққан әуе кемесі де орта  жолда Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды. Эйрбас А-320 ұшағының шұғыл қонуына қозғалтқыштағы ақау себеп болған. Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев бұл алдын ала болжам екенін айтты. Ұшақ өткен жылы сатып алынған. Және жаңа болғандықтан, конструктивті ақаулары бар болып шықты. Сондықтан қазір әуе компаниясы ұшақты жасаушы тараппен бұны егжей-тегжейлі тексеріп жатқанын айтты.

Айгүл Ермахан, тілші:

«Эйр Астананың» ішкі рейстерінде проблема болып жатқанмен, шетелге шығатын рейстерінде күрделенген мәселелер шешімін тауып жатыр. Жазда Моңғолияға өз аймақтары арқылы ұшуға рұқсат бермеген  Ресей  тарапы бұл райынан қайтып, ақысыз Ұлан-батырға Эйр Астана ұшақтарын ұшыруға келісті. "Коммерсант" басылымының хабарлауынша, Астана мен Алматыға енді Ресейден 50 шақырым қашықтықта орналасқан Жуковский әуежайынан тағы бір  әуе тасымалдаушысы қатынайтын болады.