Негізгі / Жаңалықтар / ҚХР экономикалық реформалар бастағанына 40 жыл

ҚХР экономикалық реформалар бастағанына 40 жыл

Қытай Халық республикасы экономикалық реформалар жүргізіп бастағандарының 40 жылдығына орай конференция өткізген, төрағасы Си Цзиньпин бір жарым сағаттық баяндама жасады. Ешкімге қысым көрсетпейтіндерін және өздеріне де ешкім айтқанын істете алмайтынын атап өтті. Оның баяндамасы негізінен соңғы он жылдағы экономикалық жетістіктерге арналды. Айтуынша, миллиондаған қытай кедейліктен құтылды. Шағын материалда алып мемлекеттің даму жолы, олардың болмысы туралы толымды мәлімет бере алмаспыз. Дегенмен біз қытайтанушы ғалым мен Бейжіңде білім алған маманнан интервью алғанбыз. Танымды дүние бар.

Нәбижан МҰҚАМЕТXАН, ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚЫТАЙДЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мәдени революция саяси, экономика, әлеуметтік, мәдени – барлық жағынан тығырыққа апарып тіреген болатын... Қытай реформасын аграрлық саладан бастады. Біртіндеп қала және жалпы экономиканың барлық саласына жүргізді. Аграрлық мемлекет болғасын алдымен ауыл, сосын өнеркәсіп,,,,, біртіндеп даму жолын ұстанды. Қытай ІЖӨ 60 пайыздайын жеке кәсіпкерлер беріп отыр. Ал олар Қытайдың 70 пайыз адамын жұмысқа орналастырып отыр. Салықтың 60 пайызы жеке кәсіпорындардан түседі.

Кімдер байыды дегенге - бұрынғы бидік басындағылар, солардың әулеттері. Си Цзиньпин билікке келгеннен кейін коррупциямен күрестер жүргізді. Осы салада сотқа тартылғандардың саны 1 млн 200 мыңнан асады. Демек кең көлемде күрес. Бірақ айтатын нәрсе, заңдық-құқықтық негізде емес, партияның бір қозғалысы есебінде жүргізілді. Сондықтан коррупциядан құтылды, тап-таза болды деп айта алмайсыз.

Қазақстан, біздің ІЖӨ 4,6 пайызбен дамып жатқанда, транзиттік табысымыздың өзі 2 млрд долларды ұстап тұрған кезеңде оларды кейбір табыс салығынан неге босатып, инвестор ғып шақырудың қаншалықты қажеті бар? Қытай «бір белдеу бір жолды» дамушы елдердің әлеуметтік экономикасын дамуына серпін беру деді, неге жеңілдік сұрайды, бұл да түсініксіз.

Арман ҚАРАМАН, БЕЙЖІҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ:

Адам көп болғасын адам құнсыз сияқты көрінеді. Дегенмен мүмкіндіктері болғанынша, мысалы, мемлекет көмектесуге тырысады. Менің ойымша, қытай азаматтарында стресс бар. Бір ғана мәселе емес, көптеген мәселе бойынша. Жанұя құру, жұмыс табу, көптеген мәселелерде оларда стресс бар...Менің таңғалғаным, Қытай азаматтарының көбі Қазақстанның не екенін, қайда екенін білмейді...