Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанайда мемлекеттік қызметкер телефон теңгеріміндегі ақшаны мемлекет қазынасына қайтарды

AstanaTV
24.12.2018ж. 20:00
3147
Қостанайда мемлекеттік қызметкер телефон теңгеріміндегі ақшаны мемлекет қазынасына қайтарды

Қостанайда мемлекеттік қызметкер телефон теңгеріміне түскен ақшаны мемлекет қазынасына қайтарды. Белгісіз біреу оның балансын 3 мың теңгеге толтырған. Қалалық аумақтық инспекция қызметкері бірден өзінің ата-анасы мен туыстарына хабарласып, ақшаны кімнің аударғанын сұрайды. Алайда, 3 мың теңге жұмсаған жанашырды таппаған. Жас маман дереу басшысына жүгініп, баланстағы теңгеден тез арада құтылудың жолын іздейді. Мемлекеттік мекеменің этика жөніндегі өкіліне хабарласып, ақшаны кіріс департаментіне қайтару үшін арыз жазған. «Артық ақшаны бәзбіреу арандату үшін салуы мүмкін»-дейді аумақтық инспекция басшылығы.  

Қайрат СӘНДІБЕКОВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ: 

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлерге өз міндетімен қатар өзге де жауапкершілік жүктеліп отыр.Бәлкім, тиісті орган өкілдері емес, өзге біреу оны сынау үшін, арандату үшін артық ақша салған болар. Енді не істер екен деп аңдуы мүмкін.

З. Санай