Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда лифт шахтасына құлаған қыздың қабырғасы мен иығы сынған

AstanaTV
24.12.2018ж. 20:00
2526
Атырауда лифт шахтасына құлаған қыздың қабырғасы мен иығы сынған

Атырауда тағы да лифт шахтасына адам құлады. Абырой болғанда аман. Бірақ, қабырғасы мен иығы сынған. Дәрігерлер науқастың жағдайы орташа деп отыр.   

Ербол ИМАНҒАЛИЕВ- АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 

23 жастағы науқас қыз бала бізге жоғарыдан құлап жарақат алып 23 желтоқсан күні келіп түсті. Қазіргі жағдайы орташа ауырлықта. Ауырлық себебі кеудесіне зақымдалған, қабырғасы сынған және иық сүйегі сынған. Қазір тиісті емдерін алып жатыр.

Оқыс жағдай кеше Авангард мөлтек ауданындағы 9 қабатты үйдің 4-ші қабатында болды. Жеделсаты тоқтап қалған. Тұрғын үй инспекциясының дерегінше, оның ішінде қалған 4 адам өздігінше шықпақ болып, әрекет еткен. Осы кезде шахтаға қыз бала құлап кетеді. Тұрғындар сол кезде ғана лифт мамандарына хабарласқан. Олар мамандарды дереу лифт тоқтағанда шақырғанда, мұндай жағдай орын алмайтын еді деп отыр. Қазір лифт уақытша тоқтатылған.  

Жандос ЖАКУАЛИЕВ, «АТЫРАУ-ЛИФТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: 

Оған дейін көп бұзылмаған лифт. Нормально істеп тұрған лифт қой. Қандай проблема болғаны пока белгісіз. Ішінде ойнап секірді ме кабинаның ішінде. Ондай да болады, мысалы, жұлқыласа лифт тұрып қалады кабина. Лифтінің ішінде өзінде программасы бар бұзылғанда проблемасы жазылып қалады. Соның бәрін қарап шықты ешқандай не жоқ бұзылған, тіркелмеген.

Естеріңізде болса, Атырауда биыл мамыр айында шахтаға құлап бір жасөспірім қаза тапқан болатын. Айта кетейік, шаһарда 114 үйде 301 лифт бар.  

Б. Нәдірқызы