Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ОПЕК+ мұнай өндірісін қысқарту туралы келісім мерзімін ұзартуы мүмкін

AstanaTV
24.12.2018ж. 20:00
2375
ОПЕК+ мұнай өндірісін қысқарту туралы келісім мерзімін ұзартуы мүмкін

ОПЕК+ қара алтын өндірісін қысқарту туралы келісім мерзімін қайта ұзартуы мүмкін. Біріккен Араб Әмірлігінің энергетика министрі Сухейль әл-Мазруи осылай дейді. Бұл туралы «Bloomberg» агенттігі хабарлады. Яғни, шикізат өндірісін шектеу 6 айға дейін созылуы мүмкін. Еске салайық, ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін тәулігіне 1,2 млн баррельге қысқарту келісіміне келген. Бұны жарты жыл ішінде жүзеге асырмақ. Қара алтынның 800 мың баррелі мұнай экспорттаушыларға, 400 мыңы ОПЕК-ке кірмейтін елдерге тиесілі. Бірақ, бұл әзірге бағаны тұрақтандырып отырған жоқ. Мұнайдың нарықтағы бағасы екі аптада бірнеше рет құлдырады. Өткен жұмада 53 долларға бір-ақ түскен. Қазір «Brent» маркасының бір баррелі 54,38 долларға саудаланып жатыр.   

А. Бектас