Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

ШҚО-да бензинмен ойнаған 11 жастағы бала қаза болды

AstanaTV
24.12.2018ж. 20:00
2283
ШҚО-да бензинмен ойнаған 11 жастағы бала қаза болды

Шығыс Қазақстан облысында отпен ойын баланың өлімімен аяқталды. Черемшанка аулындағы 11 жастағы балақай бензинмен ойнаған. Қатты күйіп қалған баланы ажалдан құтқарып қалу мүмкін болмапты. Дәрігерлердің сөзінше, ойын баласы бірнеше минуттың ішінде өртеніп кеткен. Мұндай күйік жарақатында дәрігерлердің өздері де дәрменсіз. Егер, баланың қасында ересектер болса, қайғылы оқиғаға жол бермеуге болатын еді. Бірақ, өрт шыққан кезде баланың анасы басқа бөлмеде ұйықтап жатқан. Полицейлер дерегінше, әйел мас болыпты. Қазір іс полицияға тапсырылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Анастасия СКЛЯР, ШҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Өңірде балалардың кінәсінен болған өрт оқиғалары азаяр емес. Сондықтан, ересектерге барынша мұқият болуы керектігін айтқымыз келеді. Яғни, балаларға өрт кезінде не істеу керектігі үйретілуі тиіс. Сонда ғана қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады.

Е. Карин