Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Аршалыға барды

AstanaTV
24.12.2018ж. 20:00
3421
Партия Төрағасының бірінші орынбасары Аршалыға барды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақмола облысы Аршалы ауданына барып мүмкіндігі шектеулі балаларды жаңа жылмен құттықтады. Олардың шырша тойына қатысып, бүлдіршіндерге тілегін білдірді. Айта кету керек, партия жыл сайын жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтауды дәстүрге айналдырған.  

Бұл ауданда әр түрлі медициналық көрсеткіштері бар 50-ден аса бала тұрады. Олардың ішінде басым бөлігі жалпы білім беретін мектептерде оқиды. «Нұр Отан» партиясы Президенттің Жолдауын орындау аясында «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыруда, басты мақсат-мүгедектерге жағдай жасау. Мәулен Әшімбаев балалар мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтап, сыйлықтар берді. Айта кету керек, партия мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде биылғы жаңа жыл қарсаңында осындай шараларды өткізіп отыр. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Партиямыз үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау,жаңа мүмкіндіктер ашу негізгі жұмыс бағыттарымыздың бірі. Біздің «Кедергісіз келешек» деген партиялық жобамыз бар.Соны біз жандандырып жаңа деңгейге шығаруға жұмыс істеудеміз.Осы жобаның аясында біраз жұмыстар жасап жатырмыз. Ары қарай да жасайтын боламыз. 

Ольга Соболевская өзінің жеті жасар қызын тәрбиелеп отыр. Баланың ауыр сырқаты бар. Бірақ, баланың аты бәрібір бала. Сондықтан, ол мерекені әрдайым ерекше асыға күтеді.   

Ольга СОБОЛЕВСКАЯ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:   

Бұл бізге, біздің балаларымызға жасалған ерекше қамқорлық. Бұл бізге үнемі қажет. Біз ерекше балалар өсіріп отырмыз, партияның осындай мерекелерді өткізіп біздің балаларымызға үлкен көңіл бөліп отыр.

Ауыл тұрғындары «Нұр Отан» партиясы тарапынан жасалған қолдауға зор алғыс білдірді. Ал, балалар, айрықша қуанышпен, өздеріне берілген ойыншықтарды тамашалады. 

У. Қабылтайұлы