Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ұстаздардың мектептерден жұмыстан шығып кетуі жиіледі

AstanaTV
25.12.2018ж. 20:00
5504
Ұстаздардың мектептерден жұмыстан шығып кетуі жиіледі

Ұстаздардың мектептерден жұмыстан шығып кетуі жиіледі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау кезінде айтылды. Депутаттардың пікірінше, мұғалімдердің мектептен шығып кетуі қалыпты жағдайға айналған. Себебі, жалақы аз, жүктеме көп. Қазір балабақшадағы мамандардың жалақысы 54 мың болса, ал мектептегі мұғалімдер айлығы 60 мың теңгені құрап отыр. Комиссия мүшелері жаңа заң жобасында педагогтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен олардың жүктемесін азайту қажеттігіне назар салды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту, тәрбиешілердің және бақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбекақы жүйесін қайта қарастыруды ұсынды. Жобаны талқылауға видеобайланыс арқылы барлық аймақтар қосылды.  

Бақытгүл ХАМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Бүгінгі таңда ұстаздардың жүктемесі,оқушылардың жүкітемсі талқыланып жатыр. Сондай-ақ, бұл жерде 21 баптың тұратын заң жобасы мұғалімдердің жүктемесінен өзге, мұғалімдердің әлеуметтік қамтылуы, олардың қандай қоғамда әлеуметтік дүниелерге құқылы осы мәселер осы заң жобасында айқындалып отыр.

Д. Сапарқызы