Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарағандыда Илья Ильиннің қатысуымен қайырымдылық шырша өтті

AstanaTV
25.12.2018ж. 20:00
2507
Қарағандыда Илья Ильиннің қатысуымен қайырымдылық шырша өтті

Қарағанды облысының балалар үйлерінің тәрбиленушілері жаңа жылдық мерекені спорт шебері Илья Ильинмен өткізді. Балаларды құттықтауға әлем чемпионымен бірге бірнеше зілтемірші келген. Серік Сәпиев атындағы спорт кешенінде өткен қайырымдылық акциясына балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге аз қамтылған және көп балалы отбасыларының бүлдіршіндері де шақырылған.  

Виктор КОВАЛЬ, БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: 

Мен де ауыр атлетикамен айналысамын. Маған қатты ұнайды. Қыркүйектен бері жаттығып, қазір 120 келі көтере аламын. Бәрі бірден болмайды. Сондықтан, мен мақсатыма жету үшін талаптанып, талпынып жүрмін.

Илья ИЛЬИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ:  

Спорттың берері көп. Спорт тәрбие береді, тәртіпке шақырады. Жеңіске жетелейтін мінез қалыптастырады. Балаларға өздерінен ұялмай үйреніп, алға ұмтылса деймін. Олардың көздері жанып, жандары жадырап тұр. Бұл, әрине, қуантады.

Жаңа жылдық шыршаға қазақстандық зілтеміршілер Артем Антропов, Любовь Ковальчук, Әсем Садықовалар да қатысты. Ауыр атлеттер балалармен бірге ертегі тамашалап, естелік суретке түсіп қана қоймай, пайдалы ақыл-кеңестер берді. Жасөспірімдерді дене тәрбиесімен айналысуға, жеңіске ұмтылуға шақырды.  

А. Қуаш