Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Үкіметте ауыс-түйіс болды

AstanaTV
26.12.2018ж. 20:00
3897
Үкіметте ауыс-түйіс болды

Үкіметте ауыс-түйіс. Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев қазіргі қызметімен қатар Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқаратын болды. Ал, бұл ведомствоны басқарып келген Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Президенттің жарлығы шыққанын Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ал, Индустрия және даму министрлігінің атауы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып өзгертілді. Министр Жеңіс Қасымбек өз қызметінде қалды. Ал, министрліктің қызметі мен құзыреті бөлінді. Енді инвестиция тарту жоспарын жасау Ұлттық экономика министрлігіне, ал инвестиция тартуды жүзеге асыру саясаты Сыртқы істер министрлігіне жүктелді. Ал, бұған дейін Сыртқы істер министрі болған Қайрат Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған. 

Г. Меңдеева