Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қарағандыда екі баланың өліміне күдікті анестезиолог жұмыс істеуге рұқсат беретін сертификатынан бас тартты

AstanaTV
26.12.2018ж. 20:00
2465
Қарағандыда екі баланың өліміне күдікті анестезиолог жұмыс істеуге рұқсат беретін сертификатынан бас тартты

Қарағандыда екі баланың өліміне күдікті анестезиолог-дәрігер емдеу ісіне рұқсат беретін сертификатын қайтарып берді. Ол өз арызында «медицина саласында бұдан былай жұмыс істемеймін» деп жазған. Бұл туралы «Астана» телеарнасына Қарағанды облысының бас мемлекеттік медициналық инспекторы Ольга Смирнова телефон арқылы айтты. Ал, инспекция бұл өтінішті мақұлдаған. Олар сертификатты қайтарғанына қарамастан, дәрігердің жұмыс істеуіне тыйым салуды сұрап, аймақ прокуратурасына ұсыныс жолдады.  

Ольга СМИРНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ: 

Анестезиолог-реаниматологтан сертификатын кері қайтару жөнінде арыз түсті. Өтініште 22-ші ақпаннан бері жұмыс істемегенін, сертификатты болашақта пайдаланбайтынын жазған. 25-ші желтоқсан күні осы сұраным негізінде аталған сертификат электронды ақпараттар базасында өз күшін жойды.

Еске салсақ, анестезиолог-дәрігер ҚК-тің 317-ші, яғни, «медицина немесе фармацевтика жұмыскерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен тегреуге алыған болатын. Оның емінен кейін екі бала қайтыс болған деген күдік бар. 2016 жылы 12 жастағы Жансая Омарова, ал биыл ақпанда 2 жасар Семён Арзамасцев көз жұмған. Дәрігер олардың екеуіне де анестезия жасаған. Тергеу әлі аяқталған жоқ.  

А. Қуаш