Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Астанада аяз басталғалы 7 адамды үсік шалған

Астанада аяз басталғалы 7 адамды үсік шалған

Астанада аяз басталғалы 7 адамды үсік шалған. Оның екеуі жасөспірім. Еріктілер ауа райының -30-дан асып, желімен қосқанда 40 градустан жоғары болуына байланысты шай құю акциясын ұйымдастырды. Қазір аялдамада шай ішіп, жылынып тұрған тілішімз Диана Сапарқызы бізбен тікелей байланыста. Диана, -30 градустан түссе, күн жылынды дейтін болдық. Тұрғындар үскірік аязды қалай өткеріпті? Далада қалғандар жоқ па?  

Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  

Ия, Ләйлә, сақылдаған сарышұнақ аяз басталғалы төтенше жағдай қызметкерлері жолда қалған 145 адамды құтқарып алған. Олардың арасында екі қолға бір күрек іздеп Сарыағаштан Петропавлға бағыт алған 53 өзбек азаматы да бар. Олар мінген автобус жолда тұрып қалып, адамдар үсіп кете жаздаған. Қазақстанның қысын білетін Қырғыз құтқарушылары біздің елге қатынамай тұра тұруға кеңес берген. Суыққа еті үйренген астаналықтардың өзі аялдамада автобус күтіп қиналғандарын айтады. Олардың шаһар билігіне айтар наздары бар.

Қатты аяз. Елдің бәрі жаурап тұр. Халық көп базар жақта. Неге жылы аялдама істеп қоймайды? Халықтың бәрі жаурап дірілдеп тұрады осы жерде.  

Өте қиын. Қаланың басышлығына айтарым, Елорда бас қала. Барлық аялдамаларды жылумен қамтамасыз етсек екен деймін. Қаланың әкімі Бақыт Сұлтановтың құлағына жетсе екен деймін. 

Шаһар толығымен жылы аялдамамен қамтылмаса да, жергілікті билік қаланың түкпір-түкпіріне жұрт жылынсын деп автобустар қойған. Алайда, бұл акция бір күнге ғана жалғасыпты.   

Әлия ЖАРҚЫМБЕКОВА, «АСТАНА LRT» ЖШС ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Төтенше жағдай қызметінен бүгін қатты аяз туралы хабарлама түспегендіктен жылыту автобустарын нүктелерге қоймадық. Қазір барлық желідегі автобустар уақытымен жұмыс істеп тұр.

Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  

Ал, дәрігерлер аязды күні тоңып қаламау үшін тыныс жолдарын бүркеу қажет деп отыр. Бұл күндері ішікдік ішпеуге кеңес береді. Жанар-жағармай бекеттерінде кезекте тұрғандар көп. Көліктері қатып қалмас үшін түні бойы оталдыруға мүжбүр. Күн суытқандықтан болар, көшеде көліктер саны да азайған. Дегенмен, синоптиктер ертеңнен бастап сынап бағанасы түсе бастайтынын хабарлайды. Ләйлә...

 Д. Сапарқызы