Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтауда «Жыл адамы» таңдалды

AstanaTV
26.12.2018ж. 20:00
4677
Ақтауда «Жыл адамы» таңдалды

Ақтаулықтар жыл адамын таңдады. Байқаудың жүлдегері арасында журналистер, кәсіпкерлер мен шаруалар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен спортшылар да бар. Жалпы саны 19 адам үздіктер қатарынан көрінді. Өз саласының мықтылары бақ сынаған бәсеке туралы келесі бейнематериалда.  

«Үздік жыл адамы» байқауын Ақтау, 12-ші рет өткізіп отыр. Бұл жолы да өз саласының жілігін шағып майын ішкен мықтылар іріктеліпті. Осындай ерекше сыйлық иегерінің бірі-филология ғылымдарының докторы, профессор әрі Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінің оқытушысы Бибайша Нұрдәулетова. 

Бибайша НҰРДӘУЛЕТОВА, «ЖЫЛ ҒАЛЫМЫ-2018» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ: 

Өзімнің тағы үлкен жетістігім деп есептеймін. «Қазақтың орфаграфиялық мәселелері», «Қазақ поэтикасы» деген оқу құралдарым жарық көрді. Тағы бір жетістігім, «Маңғыстаудың материалдық және материалдық емес тарихи мұралары» деген үлкен экспедициясының ғылыми үйлеструшісі болдым.

Байқаудың 19 аталымы бойынша 19 адам іріктеліп, марапатталды. Олар-мұғалімдер, тәрбиешілер, кәсіпкерлер, құтқарушылар, полицейлер және өзге де кәсіп иелері. Бәрі де өз саласының майталмандары.  

Алмат САМЕШОВ, «2018 ЖЫЛ ПОЛИЦЕЙІ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:  

Бұндай жағдай болады деп ойлаған жоқпын. Осыны айтқан кезде қуанышымда ешқандай шек болған жоқ. Көп рахмет басшылыққы. Сосын ата-анама осындай жетістікке жеткізгенге.

Маңғыстау облыстық ауруханасы жанындағы Соматикалық орталықтың басшысы Нәдірқожа Мұсаев та бүгін абырой биігінен жарқырап көрінді. Анестезиолог-реаниматолог ұшақтағы жолаушының өмірін сақтап қалған. Ажалдан арашалаған абзал жанды облыс әкімі Ералы Тоғжановтың өзі марапаттады. 

Ералы ТОҒЖАНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Адамның өмірінен қымбат бұл өмірде ештене жоқ екенін білесіздер. Рахметімізді айтайық. Осы жерде дәрігерлерге. Елге деген, халыққа деген сүйіспеншілік іспен дәлеледенді. Құттықтайық.

Жүлдегерлерге естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Аймақ әкімі Ералы Тоғжанов «Бәйтерек» бейнеленген естелік кубокті Маңғыстау жастарына тапсырды. Бұл кубок Елбасы бастамасымен «Жастар жылы» басталғанын білдіреді. 

Е. Карин