Негізгі / Жаңалықтар / Билік партиясының Өскемендегі өкілдері балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

Билік партиясының Өскемендегі өкілдері балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

Өскемендегі мамандандырылған балалар үйінде бүгін есте қаларлық ерекше күн болды. Балғындар үшін «Нұр Отан» партиясының өкілдері мереке ұйымдастырды. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен игі шара барысында балаларға тәтті сыйлықтар мен кітаптар, ойыншықтар сыйға тартылды.  

Балғындар да бұл күнге ерекше дайындалыпты. Тақпақ айтып, ән шырқады. «Билік партиясы балалар үйіне үнемі қамқорлық жасап келеді»-дейді партияның Шығыс Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұқтарханов. Бұған дейін де кеңсе тауарларын алуға 50 мың теңгелік сертификат тапсырыпты.  

Әнуарбек МҰҚТАРХАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

«Қазақмыс» корпарациясымен бірлесіп, біз жыл сайын осында келіп отырамыз. Балаларға не керек екенін алдымен осы балабақшаның басшылығымен сөйлесіп, біліп аламыз. Олар айтады балаларға не қажет екенін именно соны біз әкеп береміз.

З. Санай