Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанда 61 бала бүйрек трансплантациясына мұқтаж

AstanaTV
27.12.2018ж. 20:00
2931
Қазақстанда 61 бала бүйрек трансплантациясына мұқтаж

Қазақстанда 61 бала бүйрек трансплантациясына мұқтаж. Ал, олардың қатары жылына 14-18 балаға өсіп отырады. Астанадағы «Ана мен Бала» орталығы директорының орынбасары Венера Алтынова осылай деді. Мұндай күрделі операция соңғы 6 жылда елімізде өткізіліп, 81 балаға бүйрек трансплантациясы жасалған. Сонымен қатар, елдегі ірі медициналық орталықтар бауыр және сүйек кемігін де алмастырады. Ал, жүрек және өкпе трансплантациясын жасау үшін шетелге жүгінуге тура келеді. Ал, оған мұқтаж бүлдіршіндердің саны 15-ке жуық.  

Венера АЛТЫНОВА, АНА МЕН БАЛА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бізде 1 жылда балалардың тірі қалу көрсеткіші 98% құрайды. Бала мен трансплантанттың да тірі қалу деңгейі 5 жылда 94,4 пайызды құрап отыр. Салыстырып көрдік. Біз Еуропадағы мемлекеттермен бірдейміз. Ал, Американың көрсеткіші 93,8%.

Ә. Өмірзақ