Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Салық рақымшылығы наурызда жарияланбақшы

AstanaTV
27.12.2018ж. 20:00
2773
Салық рақымшылығы наурызда жарияланбақшы

Салықтық амнистия кезінде 90 мың кәсіпорынның 150 млрд теңге өсімақысы мен айыппұлы кешіріледі. Бұл борышкерлердің тең жартысы. Бұл туралы Үкімет қабырғасында брифинг берген Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы айтты. Бизнес өкілдерінің қарашада қордаланған қарыздары 358 млрд теңге жеткен. Оның 323 млрд-ы заңды тұлғалардың берешегі. Қалғаны жеке кәсіпкерлердің қарызы. Қаржы министрлігі қазір рақымшылық туралы Заң жобасын Парламентке жібермекші. Егер, ол қабылданса, рақымшылық наурыз айынан бастап жасалады.  

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Бұл рақымшылық шарасына біздің тарапымыздан бақылау жасалатын ірі кәсіп илері, жер қойнауын пайдаланушылар мен акциздік өнім өндіретін, яғни, арақ шарап және темекімен айналысатын кәсіпкерлер ілінбейді.

Елде салық рақымшылығы үш рет жарияланыпты. Үш жыл бұрын жасалған жеңілдіктен кәсіпкерлердің 70 пайыздайы тұрмысын түзеп, шаруасын дөңгелетіп әкеткен.  

Г. Тасболатқызы