Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қытайлық генетиктің экспериментімен дүниеге келген егіздер тұмауға қарсы тұра алмауы мүмкін

AstanaTV
28.12.2018ж. 20:00
3375
Қытайлық генетиктің экспериментімен дүниеге келген егіздер тұмауға қарсы тұра алмауы мүмкін

Қытай ғалымы ВИЧ-ке қарсы адам генетикасын өзгерткенімен, дүниеге келген егіздер басқа ауруларға қарсы тұра алмауы мүмкін. Отандық ғалым Тимур Сәлиев осындай пікірде. Қытайлық генетиктің бұл жаңалығы әлемді елең еткізді. Тіпті ғалымның тәжірибесін заңсыз деп бағалағандар да бар. Ал, біздің мамандардың ойын тілшіміз Әлішер Өмірзақ білді. Әлішер, олар сонда ғалымның ашқан жаңалығына қарсы ма?  

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:  

Иә, Ләйлә. Қытайлық генетиктің ашқан жаңалығы-дүниеге келген егіздерге иммун тапшылығы инфекциясы мүлде жұқпайды. Бұл әрине, үлкен жетістік. Генетиктің өзі де осылай есептейді. Бірақ, оны айыптап жатқандар да жоқ емес. Өйткені, көп елде адам генетикасын өзгерту заңмен қудаланады. Дегенмен Қытайда мұндай шектеу жоқ көрінеді. Ал, Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының директоры: «Эксперименттен соң дүниеге келген егіздер ВИЧ жұқтырмағанымен, олардың иммунитеті қарапайым тұмауға қарсы тұра алмауы мүмкін»-дейді.

Тимур САЛИЕВ, Б. А. АТЧАБАРОВ АТЫНДАҒЫ ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Бұл ғалым «CRISPR» әдісін қолданып отыр. Мұндай әдісті ғалымдар тек өсімдіктер мен жануарлардың ДНК-сын реттеуде қолданып келген. Ал, адамға қолдану көптеген елде заңмен қудаланады. Эксперимент жасалған егіздердің денсаулығына алдағы уақытта төнер еш қауіп жоқ деп ешкім айта алмайды. ВИЧ-тің алдын алғанымен, басқа ауруларды иммунитеті қалай қабылдайды? Әзірге барлығы уақыттың еншісінде. Дегенмен, бұл ғалымның жаңалығы болашақта бүгінгі күннің үлкен проблемаларын шешуге септігін тигізуі мүмкін.  

Ал, біздің елде генетикалық зерттеулер жүргізіле ме? Ал, адам генін өзгертуге заңмен рұқсат етілген бе? Біздегі медицинаның деңгейі туралы «Біздің уақыт» апталық-сараптамалық бағдарламасында кеңірек тоқталатын боламын. Ләйлә...   

Жақсы, тілшіміз Әлішер Өмірзақтың бұл тақырыпқа қатысты арнайы репортажын ертең 20:00-де көре аласыздар.  

Ә. Өмірзақ