Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбеде тағы бір коворкинг орталығы ашылды

AstanaTV
28.12.2018ж. 20:00
3908
Ақтөбеде тағы бір коворкинг орталығы ашылды

Ақтөбеде Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап кітапханада коворкинг орталығы ашылды. Бұл өңірдегі жетінші коворкинг орталығы. Бұл «Нұр Отан» партиясының «Білім орталықтары» жобасы аясында ашылды. Аталған орталық жаңа технологиямен және жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған. Мұнда келушілер арнайы конференц-залда түрлі тақырыптарда семинарлар, дәрістер және тренингтер өткізе алады. Одан бөлек, жаңа орталықта демалыс аймағы бар. Бұл орталықта жастардың ізденуіне, дамып-жетілуіне барлық жағдай жасалған. Еске сала кетсек, Ақтөбе қаласында екі осындай орталық бар, ал облыс аудандарында бес коворкинг орталығы жұмыс істеп тұр.  

Асылжан БҮРКІТАЛИН, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАҢАТЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бұл жобаның басты мақсаты жастарды кітап оқуға қызықтыру. Олардың қолдарына кітап ұстап, кітапханалардан шықпай оқыған, тоқыған жастар болғаны.

Заңғар СЕЙІТҚАЗЫ, СТУДЕНТ: 

Өзіме керек деректер іздегенде немесе заманауи кітаптар оқығым келгенде осы коворкинг орталығы көмектеседі. Себебі, мұнда әртүрлі шетелдік кітаптарды компьютер арқылы әлеуметтік желіде оқуға болады. Және де мұнда бос уақытта шахмат, тоғыз құмалақ сияқты ойындар ұйымдастырылған.

Б. Рахметова