$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тараз әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 15 млн теңге бөлген

AstanaTV
28.12.2018ж. 20:00
3722
Тараз әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 15 млн теңге бөлген

Таразда жаңа жылдық безендіруге бөлінген ақша биыл былтырғымен салыстырғанда 6 есе көп. Қала әкімдігі биыл 14 млн теңгеге жуық қаражат бөлген. Бұдан бөлек, тағы 1 млн теңгеден аса қаржыны кәсіпкерлер қосыпты. Қала билігі қыруар ақша жұмсау арқылы тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауды жөн көрдік деп отыр.  

Ұлана СЛАМБЕКОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Тараз қаласының тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы біз жоспар бекіттік. Жоспарға сәйкес қала бюджетінен 13,5 млн теңгеден аса қаражат қарастырылған. Былтыр біз қаланы безендіруге 2,5 млн бөлгенбіз. Міне, мынау аспалы алтын көпір жасадық. Қатты боз боран болып жатса, онда ертерек 31-нен кейін жинастырылатын болады.

Дегенмен, қала тұрғындары әкімдік қазынасынан бөлінген миллиондарға тек орталық көшелер безендіріліп, қалғандары қараңғылық құшағанда қалған деп отыр. Тұрғындар бар-жоғы екі апта тұратын жаңа жылдық безендіруді ысырапқа балайды. Халық оның орнына мұқтаждарға баспана берілген жөн болар еді десті. 

Азиз МАҚСҰТ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Естіп жатырмыз 15 миллиондай ақша кетті деп жатыр. Енді тегі ондай көп мөлшердегідей ақша емес, кішігірім етіп безендірсе де болатын еді. Мынау қаланың басқа көшелері қараңғы, жарықтары әлсіз болып жатыр, соларға кішкене жұмсаса. Мұқтаж жандарға кішкене көбірек көңіл бөлсе деген, ойымыз, ниетіміз бар.

Нұрлыбек ҚҰРМАНОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бір сәттік мейрамдарға бөлгенше жаңа жылға жаңа үйлермен қамтып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Енді қазір нарықтық заманға байланысты 15 млн теңгеге жалпы 4 үй алуға болады, 1 бөлмелі пәтерден 4 отбасыға.

Д. Әлімқұл