$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Әлемде биыл 80 журналист опат болған...

AstanaTV
29.12.2018ж. 20:00
2677
Әлемде биыл 80 журналист опат болған...

Түрікменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов жаңа әң салды. Бұл жолы 3 тілде – түрікмен, неміс және ағылшын тілдерінде. «Арман» деп аталатын әнді немересі Керімғұлымен желтоқсанның 21-де жаңа жыл салтанатына арналған кеште шырқаған. 

Түрікменстан президенті сөзін өзі жазады, музыкасын - немересі. «Алтын ғасыр» ресми басылымы былай суреттепті: «Әуезді саз, жүрекке жетер сөз тыңдармандардың жанын тебірентіп, керемет әсер қалдырды. Бұл залдың ду қол шапалақтауынан көрінді.» Залда үкімет, парламент, күштік құрылымдар,қоғамдық ұйымдар өкілдері, шетелдік дипломаттар, мәдениет пен өнер қайраткерлері отырған. Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов ақын, музыкант, спорт шебері, жылқы білгірі. Оның «Алға, алға, тек ғана алға, Түрікменстан туған жерім!» әні былтыр Ашхабатта өткен Азия ойындарының гимні болған.

Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов қазір 61-де. Түрікменстанда соңғы уақытта экономикалық қиындықтар басталды. Халыққа берілетін жеңілдіктер алынып тасталды. Азық-түлік кезегінде тұрғандардың айғайласып қалатыны туралы біз де бергенбіз...

«Шекарасыз репортерлар» ұйымының есебінше 2018 жылдың қаңтарынан қараша айының соңына дейін әлемнің әр түкпірінде кәсібіне байланысты80 журналист көз жұмған. Жартысынан астамы 5 мемлекетте: Ауғанстанда-15, Сирияда-11,Мексикада-9, Йеменде-8, Үндістанда-6. Сонымен бірге әлемде 348 журналист қамауда отыр. Жартысынан астамы тағы да бес елде: Қытай, Египет, Түркия, Иран және Сауд Арабиясында. Сауд Арабиясы демекші, осы елдің азаматы, король отбасына оппозициялық ұстаныммен «Вашингтон постқа» мақала жазып жүрген Жамал Хашоггидің өз елінің Стамбұлдағы дипломатиялық кеңсесінде өлтірілуі әлемді кәдімгідей дүр сілкіндірді. Себебі түсінікті. АҚШ «соның жарлығымен өлтірілді» дейтін тақ мұрагерімен, жалпы Сауд Арабиясымен қарым-қатынасын қайта қарай ма, жоқ па? – әлемдік геосаясатта бұл маңызды мәселе. Д.Трамп бірден: «журналиске бола бұл елмен байланысты бұза алмаймын» деген сипатта айтарын айтып қойды. Мұнайдың бағасын меңзеп тұр. Сосын Сауд Арабиясына миллиардтаған долларға сататын қару-жарағын. Осы өлім геосаясаттың, жалпы саясаттың қандай екенін көрсететін жарқын мысал.