Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сыртқы істер министрлігі Таиландта демалып жатқан туристерге ескерту жасайды

AstanaTV
03.01.2019ж. 20:00
2179
Сыртқы істер министрлігі Таиландта демалып жатқан туристерге ескерту жасайды

Сыртқы істер министрлігі Таиландта демалып жатқан туристерді сақ болуға шақырады. Аралдарда 60 жылдан бері соқпаған дүлей дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік Қытай теңізінен шыққан «Пабук» тайфуны қазір Сиам шығанағына бет алған. Ол Самуи мен Пхукет аралдарына соғуы ықтимал. Бұл белгілі туристік аймақтар. Үшінші, төртінші қаңтар күндері бірқатар провинцияларда нөсер жауын күтіледі. Алда-жалда төтенше жағдай болса, қазақстандық туристер Банггоктегі елшілікке жүгіне алады. Оның мекен-жайы мен телефон нөмірлері Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында көрсетілген. Айта кетейік, Таиланд қазақстандықтар жаңа жылды қарсы алуға жиі баратын елдердің бірі. «Туристік Қамқор» қорының мәліметінше қазір аралдарда 400-ге жуық отандасымыз тынығып жатыр. Белгілі журналист Айгүл Мүкей де қазір отбасымен Таиландта болатын. Ол бізге телефон арқылы бар жағдайды жеткізді.   

Айгүл МҮКЕЙ, ЖУРНАЛИСТ: 

Уведомление о надвигающемся урагане мы получили. А также о том, как стоит себя вести. Конечно же, все мы помним, какие разрушительные последствия несут, в частности, здесь, на тайских островах, подобные природные явления. Поэтому мы, безусловно, будем следовать всем инструкциям, которые распространены в отеле. Насколько мы знаем, в отеле сейчас говорят о том, что нельзя плавать, подходить и выходить на пляж. Наверное, завтра просто пляж закроют. Поэтому будем четко следовать инструкциям. 

А. Сейфулла