Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Былтыр елімізде инфляция 5,3% құрады

AstanaTV
03.01.2019ж. 20:00
1998
Былтыр елімізде инфляция 5,3% құрады

Былтыр елімізде инфляция көлемі 5,3% құрады. Демек, болжанған меже шеңберінде қалып отыр. Ұлттық экономика министрлігі инфляция 5-7 пайыз болады деген еді. Жыл бойына азық-түлік тауарлары 5,1%-ға өссе, өзге тауарлар бағасы 6,4%-ға қымбаттаған. Қызмет көрсету құны 4,5%-ға артқан. Азық-түлік ішінде бағасы инфляцияға ырық беремеген-орамжапырақ. Бақандай 31 пайызға қымбаттаған. Керісінше, сәбіз, картоп, пияз сияқты көкөністер бағасы 16-дан 25 пайыз аралығында арзандаған. Ал, автокөлік, құрылыс заттары, дәрі -дәрмек, киім-кешек, жиһаз бағасы 10 пайызға дейін өскен. Дизель отыны күрт 30 пайызға қымбаттаса, бензин 2,8 пайызға арзандапты.  

Д. Сапарқызы