Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтау әуежайында электр жарығы өшіп қалды

AstanaTV
03.01.2019ж. 20:00
2002
Ақтау әуежайында электр жарығы өшіп қалды

Ал, бүгін Ақтау халықаралық әуежайында электр жарығы өшіп қалды. Салдарынан жолаушылар жүктерін ұшып-қону жолағынан өздері тасуға мәжбүр болған.  

Илья ЖУКОВ, ЖОЛАУШЫ:

Саяхатқа жиі шығамын.Көптеген қалаларда болдым. Бірақ, мұндайды алғаш рет көріп тұрмын. Тым болмаса жүгімізді осы маңға жақындатып бермей ме? Әсіресе, кішкентай балаларымен жүрген жолаушыларға қиын болды.Оларға біз көмектестік.

Мыңжан МҰХАММЕД, ЖОЛАУШЫ: 

Жарық өшіп қалған жағдайда жүгімізді автобуспен жеткізіп бергенде жақсы болар еді.Осы жерден ала салар ек. Әйтпесе, ұшақтан түсе сала кезекке тұруға мәжбүр болдық.Менің жүгім ең астында қалып қойыпты.

Ақтау әуежейында жарық таңғы сағат алты кезінде өшкен. Электр сымдарының тұйықталуынан түтін шығып жолаушылар терминалына жеткен. Өрт болған жоқ. Әуежайдың өртке қарсы қызметі дереу тоқтың тұйықталуын тоқтатқан. Алпысқа жуық адам қауіпсіз жерге шығарылыпты. Әуежай басшылығы рейстер кідірісі болмағанын айтады. Тек «Эйр Астананың» ұшағы бұзылуына байланысты көкке кешігіп көтерілген. Жарықсыз қалған әуежай қызметкерлері рейстерді қолмен тіркеу ғана қолайсыз болды дейді. Ал, электр жарығы кешкісін берілуі тиіс.   

Ерғазы ЖОЛДАСОВ, «АҚТАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Енді қазіргі уақытта соны жұмыстары жүріп жатыр. Анықтап, электр жүйесін қосуға барлық күшімізді салып жатырмыз. кешке шейін сол жұмыстарды бітіреміз деп ойлаймыз.  Электр жүйесінен замыкания болып соны біздің өрт сөндірушілер уақытында қарап мына терминалды тоқтап өшіріп жолаушыларды сыртқа шығарып танертенгі рейстерді сол үшін қолмен регистрация жасап, электр жүейсі жоқ болғандықта сымдарының қай тұста тұйықталғанын анықтадық. Бірақ, ол жерге жету оңай болмай тұр. Өйткені, бетонның астында. Арғы беттегі жолаушылар алаңындағы кәріздің астында. Бірнеше мерт жер қазылды. Қазір электр сымдарын қалыпқа кештіру жұмыстарымен мамандар айналысып жатыр. 

З. Санай