Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Еңбек келісім-шарты бар фрилансерлер зейнетақы жарнасын төлемейді

AstanaTV
04.01.2019ж. 20:00
2606
Еңбек келісім-шарты бар фрилансерлер зейнетақы жарнасын төлемейді

Еңбек шартымен жұмыс істейтіндер қосымша жұмыс істегені үшін міндетті зейнетақы жарнасын төлемейді. Олардың жарнадан босатылатыны туралы заңға өзгеріс енгізілген. Ол биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жүзеге асады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары хабарлады. Ал, қандай да бір жұмыс пен қызмет үшін адам тартқан кәсіпкерлер сол азаматтар үшін зейнетақы жарнасын аударуы тиіс. Ол үшін фрилансер мен заңды тұлға арасында азаматтық-құқықтық негіздегі келісім-шарт бекітілген болуы тиіс. Алайда, елде мұндай келісіммен жалданып жұмыс істеп жатқан жұмыскерлердің саны белгісіз. Сондықтан. түсетін пайда көлемі де есептелмеген.  

Виктория ШЕГАЙ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ: 

Бізде жалпыға бірдей кіріс декларациясы 2020 жылдан бастап енгізіледі. Бүгінгі күні Мемлекеттік кірістер комитетінде әр адамның табысы туралы есеп жоқ. Сондықтан азаматтық-құқықтық негізде табыс табатын адамдардың нақты саны белгісіз. Ал, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған топтың ішінде кәсіпкерлерді, фрилансерлерді қосқанда олардың саны міндетті зейнетақы жарнасын төлейтін адамдардың 17 пайызын құрайды. Бұл өткен жылдың қорытындысы.

Г. Меңдеева