Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылжарда «Этносаралық және конфессияаралық толеранттық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

AstanaTV
08.11.2017ж. 20:00
2599
Қызылжарда  «Этносаралық және конфессияаралық толеранттық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қызылжарда татулығы жарасқан ұлттар этносаралық қатынасты нығайтуға атсалысып жатыр. Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ассамблея өкілдері мен студенттер бас қосып, «конфессияаралық толеранттық» тақырыбында әңгіме өрбітті. Жиынға "Нұр Отан" партиясының «Болашақ» филиалы мұрындық болды. Оқу орнының жетекшілігі мен ассамблея жан-жақтан жиылған студенттердің қоян-қолтық араласуын көздеп отыр. Кездесу барысында баяндама келтірген сарапшылар ұлтаралық қатынастың республикалық деңгейде қарқынды дамып жатқанынан бірқатар мысал келтіріп, халықаралық достықты Елбасының өзі қолдап жатқанын айта кетті. Бүгінде университтің қабырғасында елуден астам ұлт өкілі білім алып жатыр.

Саида Арбағұлова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

Біздің университетте басқа да елдерден келген студенттер оқиды. Мысалы, түріктер, моңғолдар болсын. Біз оларды тең көреміз. Себебі олар біздің елге келіп, елімізді жақын көруде. Және де біздің елдің білімін алғылары келеді. Сондықтан біз оларды барынша жақсы қабылдап, қазақ тілінде сөйлеуге көмектесуге тырысамыз.

Александр Зель, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің басты мақсатымыз - қазіргі кезде этносаралық бағытта қандай жұмыстардың жасалып жатқанын білу. Біз жастардың толеранттығын тәрбиелеу механизмін жетілдіру керекпіз. Балалар өзге ұлт өкілдерін сыйлау керек. Осы дөңгелек үстелдің арқасында біз қандай бағытта қимылдау керек екенімізді білетін боламыз.