$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Жетімдерді жебей жүрейік

AstanaTV
08.11.2017ж. 20:00
2755
Жетімдерді жебей жүрейік

Жетімдерді жебей жүрейік. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Өркениет» филиалы балалар үйінің жеткіншектеріне арнап қиял-ғажайып экскурсиясын ұйымдастырды. «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында SOS Астана балалар қалашығының жетім балалары аталмыш ғажайып паркте ерекше көңіл-күйге бөленіп, жүздеріне күлкі ұялады. Ұйымдастырушылар мұндай игі шараны одан әрі жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Мәрия Өтебаева, "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалы "Өркениет" филиалының бірінші төрағасының орынбасары:

Парктің жұмысын, қызықты жерлерін көрсетіп, балаларға моральдік көмек көрсетіп, балалардың көңіл-күйін көтеріп. Бүгінгі іс-шараны осылай ұйымдастырып отырмыз.

Бұл балалар үйі 2013 жылдан бастап партиялықтардың қамқорлығында. «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобасының жүзеге асып жатқанына 3 жылдың жүзі болды. Аталмыш жобаның мақсаты - баларға тек шаттық сыйлау ғана емес, сонымен бірге оларды асыраушы отбасы тауып беру. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах