$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Түркия мен Ирак терроризмге қарсы ынтымақтастығын одан әрі ұлғайтады-Р. Эрдоған

AstanaTV
04.01.2019ж. 20:00
1974
Түркия мен Ирак терроризмге қарсы ынтымақтастығын одан әрі ұлғайтады-Р. Эрдоған

Ал, Түркия мен Ирак терроризмге қарсы ынтымақтастығын одан әрі нығайта түспек. Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған Ирак басшысымен бірлескен баспасөз жиынында мәлімдеді. Оның сөзінше, Түркия үшін Ирак саясаты мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз ету маңызды. Ал, Салех террористерден босаған аймақтарды қалпына келтіруге Түркияның үлес қосқанын асыға күтетінін атап өтті.  

Реджеп ТАЙЫП, ЭРДОҒАН ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Ең басты мәселе-қауіпсіздік. ДАИШ, Kүрдстанның жұмыс тобы мен FETO секілді террористік ұйымдар Түркия мен Ирак үшін қауіп төндіреді. Біз лаңкестікке қарсы күресте табысқа жету үшін бірге жұмыс істеудің маңызын мойындаймыз. Болашақта осы тұрғыда ынтымақтастығымызды нығайтамыз деп үміттенеміз.

Бархам САЛЕХ, ИРАК ПРЕЗИДЕНТІ: 

Біз Сирияны қоса алғанда, бірқатар аймақтық мәселелерді талқыладық. Қақтығысты тоқтатып, сириялықтарға тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндік беру маңызды. Ортақ мүддемізге жұмыс істейтін аумақ құру үшін Түркия президенті және үкіметімен бірлесе жұмыс істейміз.

Ирак Басшысының Түркияға сапары Сириядан америка әскерін шығару туралы мәлімдемеден кейін бірнеше апта ішінде болды. Қазір Түркия Сириямен шекара маңындағы әскери техниканы шығарып тастады. Кейбір ақпарат құралдары күрттерге қарсы әскери операцияның жақын арада басталуы мүмкін екенін жариялап жатыр. 

Д. Сапарқызы



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах