$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағанды облысында киік атқан капитан тұтқындалды

AstanaTV
04.01.2019ж. 20:00
3306
Қарағанды облысында киік атқан капитан тұтқындалды

Қарағанды облысында киік атқан капитан тұтқындалды. Шенді 12 бас түз тағысын жайратып салған. Оны инспекторлар рейд кезінде анықтады. Бұдан бөлек қырда тағы 18 бас киіктің өлексесі табылды. Ал, маңында сынып тұрған «Тойота Ленд Крузер» маркалы екі көлік браконтерлерге тиесілі болуы мүмкін. Оның ізін кесу үшін, инспекторлар ауыл ауылды аралайды. Сөйтіп, Ұлытау аудандық Ішкі істер бөлімі капитанының үйінен 12 бас киік тауып алады. Енді күдіктінің даладан табылған киіктерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.  

Сәкен ДІЛДАХМЕТ, ҚР АШМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Әзірше тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде күдікті ретінде. Бірақ киікті заңсыз атқаны үшін бізде көрсетілген айыппұл мөлшері бар. Киіктің текесі үшін бекітілген норма бойынша 500 АЕК, ал киіктің ұрғашысы үшін 350 АЕК құрайды. Сонымен қатар, қылмыстық бап бойынша жеке бас бостандығынан айыру көрсетілген.

Осыған ұқсас дерекпен Батыс қазақстан облысында былтыр мамыр айында Шекара қызметінің капитаны 3,5 жылға сотталған болатын. Сондай-ақ, оған 44 млн теңге айыппұл төлеу өкімі шығарылып, барлық атақ-дәрежесінен айрылған еді. Айта кетейік, Қазақстанда ақбөкенді атуға 2021 жылға дейін мораторий жарияланған.  

Д. Қайыртай