$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елге Сириядан 47 Қазақстан азаматы оралды

AstanaTV
09.01.2019ж. 20:00
3857
Елге Сириядан 47 Қазақстан азаматы оралды

Лаңкестердің тұтқынында болған қазақстандықтар елге оралды. Сирияда қалған 47 отандасымыз арнайы гуманитарлық операцияның арқасында жеткізілді. Бұл жайында бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтты. Президент кезінде лаңкестер сөзіне алданып, еріп кеткендердің тағдыры өзгелерге сабақ болуы тиіс ,-деді.   

Мына кадрларды «Жусан» гуманитарлық операциясының қатысушылары түсірген екен. Бұл шара бізге дос елдің араласуымен мүмкін болғанымен, оның нақты қай мемлекет екендігі ашып айтылмады. Кезінде базбіреулерге алданып Сирияға кетіп қалған отандастырымыз кейін қан майданның ортасында қалыпты. Президент оларды елге жеткізу-мемлекеттің міндеті,-деді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Тағдыр тауқыметін тартқан балалар мен әйелдердің қуанышында шек жоқ. Көз жасын көрдік. Сондықтан, осы шаруа өзгелерге мәлімет береді және болашақта бұндайдың болмауына жағдай жасайды. Келген адамдар көрген қиыншылықтары мен зардабын болашақты айта жатар. Сондықтан, Қазақстан өз азаматтарын қай жерде жүрсе де қолдау болатынын көрсетіп отырмыз.

Ақтау халықаралық әуежайынан аттанған әскерилер әйелдер мен балаларға жол бойы барынша көмек көрсеткен. Бортқа барлығы 30 бала мен 11 әйелден бөлек, «Сириядағы қанды қырғынға қатысқан» деген күдікпен бірнеше ер азамат та көтерілді. Олардың кінәсін алдағы уақытта сот дәлелдейтін болады. Әскерилер ұшақтағыларды ыстық аспен ғана емес, түрлі ойыншықтармен мен кітаптар берген. Туғалы соғыстан көз ашпаған сәбилер үшін мұның бәрі таңсық дүние.    

Я не знала мне плакать то ли мне смеятся . Я в шоковом состоянии была. Қатты қуандым да. Как будто я предала свою страну. Моя страна меня не оствила меня вернули. Все таки мы же предали, уехали туда в чужую страну. То что я вернулась потому что меня могли же граданства лишить.  

Соғыс ошағынан шығарылғандар Ақтаудағы бейімдеу орталығында. Оларға бір айда психологиялық және заң тұрғысынан көмек көрсетілмек.  

-Ты сейчас где знаешь где ты?  

-Нет, не знаю

-Қазақстан

-Мы приехали, все хорошо будет, не переживай.

Президент мұндай гуманитарлық операциялар алдағы уақытта әлі де жалғасатынын айтты.    

Г. Тасболатқызы