$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай мектебінде жасыл технологиялар зертханасы ашылды

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
3659
Қостанай мектебінде жасыл технологиялар зертханасы ашылды

Қостанай мектептерінде жасыл технологиялар зертханасы пайда болды. Құны қымбат құрылғымен жабдықталған кабинет Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта ашылған. Енді мұндағы оқушылар үшін ғылыми-зерттеу жобаларымен жұмыс істеуге мүмкіндіктер ашылып отыр. Зертханада балалар өсімдіктерді гидропоника әдісімен, яғни топырақсыз өсіруді қолға алған. Өсімдік қоректенуге қажетті барлық заттарды нақты мөлшерде судан немесе арнайы ертіндіден алады. Бұл әдіс өсімдіктердің барлық түрлері мен сұрыптарын, дәнді- дақылдар тіпті цитрус және тропикалық өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Оқушылар дәнді-дақылдар мен өсімдіктердің 10 түрін осы әдіспен өсіріп көрмек.  

Айзада САБЫРЖАНОВА, ОҚУШЫ:  

Экономикалық тұрғыдан айтатын болсақ, біз топыраққа кететін көптеген қаражаттарды үнемдей аламыз және де топырақта болатын паразиттерден, зиянкестерден өсімдіктерді қорғай аламыз.

Топырақсыз өскен жемісті дақылдардың өнімділігін арттыру мақсатында мектеп ауласына жылыжай орнату жоспарда тұр. Директордың айтуынша, зертханада өскен гүлдермен білім ордасының аумағын көгалдандыру ойда бар. Айта кетейік зертхана құны - 5 миллион теңге. Қаражатты облыстық білім басқармасы бөлген.  

Ырысалды КЕЛІНБЕРДИЕВА, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Қазіргі таңда біздің оқушылар әр дәнді-дақылдың қанша уақытта қалай өсетінін зерттеп жатыр. Болашақта енді біздің оқушыларымыздың бұл саланы экономикамен байланыстырып, қанша энергия кетеді, қанша су кетеді осының бәрін есептеп экомникамен байланыстырғысы келеді. Жалпы бұл сонымен қатар оқушылардың болашақ мамандарын таңдауға мүмкіндік береді.

З. Санай