Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде күйзеліске ұшырағандарға жәрдем беретін орталық жұмысын бастады

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
2429
Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде күйзеліске ұшырағандарға жәрдем беретін орталық жұмысын бастады

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде күйзеліске ұшырағандарға жәрдем беретін орталық жұмысын бастады. Елдің бас мүфтиі Серікбай Қажы Ораз мешітте алғашқы келушілерді қабылдады. Бұдан былай, дін қызметкерлері рухани көмекке мұқтаждарды арнайы қабылдап, жанұялық мәлеселерге байланысты шариғи шешімдер қабылдауға көмектеспек. Діни ақпарат беру орталығында тәулік бойы үзіліссіз телефон арқылы да тегін қызмет көрсетіледі. CALL орталық жұмысына астаналық 60 діни қызметкер жұмылдырылған. Түрлі діни мәселелер бойынша жауап іздеген жамағатқа қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетілетін болады. CALL қызметі Астана қаласының кодымен 33-30-30 нөмірі бойынша іске қосылған. Серікбай Қажының айтуынша, рухани тұрғыда жәрдем беру қызметі келешекте елдің әр өңірінде кезең-кезеңімен ашылатын болады.  

Серікбай ҚАЖЫ ОРАЗ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:  

Психолог та бар оның ішінде тек қана діни сұрақтар ғана емес. Адам да күйзеліске түседі. Соның нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, түрлі суицидке барап жататын жағдайлар болады. Міне, сол кездерде оған рухани жәрдемші болатын, дұрыс ақпарат беретін, оның көңіліне қуаныш пен жақсы үміт ұялататын сондай жұмыс жасалынатын болады.

Д. Сапарқызы