Алматы түбінде отқа оранған автосалон жұмысын тоқтатты. Орталық бір аптаға жабылды. Сенбі күні салонға қарасты автокөлік дөңгелектері сақталған қоймадан өрт шыққан. Түн ортасында тұтанған жалын таңғы 5-тен кете бірақ сөндірілді.Тілсіз жауды ауыздықтауға 11 техника мен 38 өрт сөндіруші тартылған. Төтенша жағдай кезінде қауіпті жерде тұрған 15 көлік сыртқа шығарылыпты. Талғар ауданы, Бесағаш ауылында орналасқан «Ниссан Қаржы» орталығының 500 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Қазір төтенше жайттың шығу себебі анықталып жатыр. Әзірге, шығын көлемі туралы ақпарат айтылмады.
Азамат ЖҰРТБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Өртенген автосалонда өрт кезінде 40 шақты көлік болған. Оның 15-не қауіп төнгендіктен өрт сөндірушілермен олар қауіпсіз орынға шығарылды. Өрт сөндіру кезінде қиындықтар туғызған сыртына қойып кеткен автокөліктер және де автокөліктердің жиналған резина дөңгелектері қиындық туғызды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
О. Нұржақып