$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Грузияда шошқа тұмауы өршіді

AstanaTV
14.01.2019ж. 20:00
2190
Грузияда шошқа тұмауы өршіді

Грузияда шошқа тұмауының өршуіне байланысты Назарбаев әуежайында санитарлық бақылау жұмыстары күшейтілді. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өкілдері осылай деп хабарлады. Тбилисиден Астанаға аптасына 4 рейспен 70-ке жуық жолаушы қатынайды. Жыл басынан бері бұл елден қауіпті вирус жұқтырғандар анықталмапты.   

Айжан ЖҮНІСОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІ, ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

Грузиядан ұшып келген жолаушылар мен ұшақ экипажына сауалнама жүргізіліп, санитарлық бақылау тепловизор арқылы жүргізілді. Бірақ, Грузия мемлекетінен ондай аурулар болған жоқ жолаушылар арасында.

Еске салайық, Грузияда H1N1 вирусынан 15 адам көз жұмды. Доңыз тұмауының алдын алу үшін Оңтүстік Осетия мен Грузия шекарасын жапты. Жақында қауіпті вирусты жұқтырған жолаушы Ресей-Грузия шекарасын кесіп өтпек болған. Науқас Солтүстік Осетиядағы ауруханаға жеткізілді. Кейін жақындары оны Грузияға қайта алып кеткен. 

А. Бектас



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах