Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ресейлік құрбылар отандастарына қазақ тілін үйретіп жүр

AstanaTV
15.01.2019ж. 20:00
2151
Ресейлік құрбылар отандастарына қазақ тілін үйретіп жүр

Ресейлік құрбылар танымал әлеуметтік желі арқылы отандастарына қазақ тілінен дәріс беріп жүр. ««Қазақша Мәскеу» арнасы көрші ел тұрғындарының біздің елге және тілге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі»-дейді олар. Анастасия Решетникова мен Лиза Осипова қазақ тіліне жоғары оқу орнында жүргенде ден қойыпты. Болашақ филологтарды Абай тілінің әуезділігі қызықтырса керек. Инсититут тәмамдаған соң да қыздар бұл тілге деген қызығушылығын жоғалтпағанымен, оны тереңдетіп оқытатын әдістемелер таппаған. Осыны алға тартқан құрбылар әлеуметтік желілердің бірінен арна ашып, біздің тілде хабарлар жүргізіп отыратын болыпты. Шығарылымдардың дені Ресей астанасының қызықты жерлері мен тарихына толы екен.   

Лиза ОСИПОВА, РФ, МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен үшін бұл өте әуезді және қызықты тіл. Сондықтан, мен қазақ тілін өте жақсы көремін. Қазақстанда достарым бар. Олармен жиі сөйлесіп, тілімді жаттықтырамын.

Анастасия РЕШЕТНИКОВА, РФ МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Меніңше , қазақ тілі түркі тілдерінің арасында ең кең тарағаны және танымалы. Бұл тілді еркін меңгерсем, Орта Азия елдері халқының өзге де тілдерін үйренуге жол ашылады деп сенемін.    

Д. Сапарқызы