Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

М.Мұхитова жазасын қоныс колониясында өтейді

AstanaTV
15.01.2019ж. 20:00
2625
М.Мұхитова жазасын қоныс колониясында өтейді

Олжас Сүлейменовтің немересін көлікпен қағып өлтірген Малика Мұхитова жазасын қоныс колониясында өтейтін болды. Қылмыстық іске қатысты үкім шығарған судья осылай деп мәлімдеді. Бұдан бұрын апелляциялық алқа айыпталушыға қатысты үкімді өз күшінде қалдырған. Мұхитова бас бостандығынан екі жылға, ал көлік жүргізу құқынан бес жылға айрылды. Оған Олжас Сүлейменовтің соттан араша сұрап хат жазғаны да көмектеспеді. Ал, сотталушының әкесі лауазымды қызметтегі, полиция полковнигі. Еске салайық, былтыр маусым айында Астанада көше қиылысында жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып, 26 жастағы Ескендір Сүлейменов опат болған еді.  

Қанат ТОБАҒАЛИҰЛЫ, СУДЬЯ: 

Іске қатысты түрлі нұсқалар болды. Сот үкімі әділ болуы үшін біз соның бәрін қарастырдық. Кеше айыптыны қамауға алу туралы қаулы шықты. Енді Малика Мұхитова қауіпсіздігі төмен мекемеге жіберіледі.

Д. Қайыртай