Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шымкентте көше тазалаушыны автобус қақты

AstanaTV
15.01.2019ж. 20:00
3231
Шымкентте көше тазалаушыны автобус қақты

Шымкентте көше тазалаушы автобус астына түсіп, көз жұмды. 40 жастағы келіншек «ЛТД Тұрмыс» серіктестігінің жұмыскері. Серіктестік басшысының айтуынша, оқыс оқиға бүгін таңғы сегіздер шамасында болған. Бұл уақытта көше сыпырушы «Темірлан» тас жолының бойында өзіне тиесілі аумақты тазалап жүрген. Айта кетейін, қала тазалағына жауапты мекеме ұжымының жұмысы таңғы алтыдан басталады. Қазір болған жәйт бойынша полиция жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында болған куәгердің айтуынша, жедел-жәрдем қызметі шұғыл шақыртылған. Алайда басынан соққы алған серіктесі, дәрігерлер келгенде көз жұмған.  

КУӘГЕР: 

Жүгіріп келсем автобустың жүргізушісі екеуі су әкеліп... бастарын ұстап жатыр. Скорый шақырдыңдар ма деп едім шақырдық деді басы қанап жатыр екен, удар болған ғой енді.

А. Төребекқызы