Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
08.11.2017ж. 20:00
1993
Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Бүгін президент Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. «СарыарқаАвтоПром» зауытында ұсақтүйінді өндіріс бойынша іске қосылған жаңа технология желісімен танысты.  «СарыарқаАвтоПром» іске қосқан технологиялық əдіс «монокок» деп аталады. Тың тəсіл бірінші JAC S3 кроссоверіне қолданылып отыр. Нұрсұлтан Назарбаевқа зауытта құрастырылатын өзге де электрокөліктер мен автобус үлгілері көрсетілді. Зауыт жыл басынан бері құны 55,8 миллиард теңгені құрайты 4 мыңнан астам көлік шығарған. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Əбішұлы шетелдік инвесторлармен кездесті. Қытайлық CNC компаниясы қостанайлық зауытқа 1 миллиард доллардан астам инвестиция салатыны мәлім болды. Өзбекстан елінің өкілдері де Тобыл өңіріндегі көлік өндірісінің көкжиегін кеңейтуге атсалыспақ.

Заңғар САНАЙ